426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вирусолог коронавирусты қайта жұқтыру қаупін иммунитетпен байланыстырды

  • 205
  • UPD: 16:02, 25.08.2020
Вирусолог коронавирусты қайта жұқтыру қаупін иммунитетпен байланыстырды

Қысқа мерзім ішінде коронавирустық инфекцияны қайта жұқтыру иммундық жүйенің ерешеліктеріне байланысты.

Бұл туралы ресейлік вирусолог Анатолий Альтштейн мәлімдеді, деп жазды iz.ru.

Оның айтуынша, коронавирусты қайта жұқтыру жағдайлары өте сирек кездеседі.

«Коронавирус инфекциясы иммунология жағынан өте күрделі. Адамдағы антиденелердің жеке қатынасы әртүрлі, сондықтан оны болжау өте қиын. Штаммдарға келетін болсақ, олар сәл өзгеше болуы мүмкін, бірақ тұтастай алғанда вирустың бір серотипі», - деді сарапшы.

Хабар 24 телеарнасы