428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Найзағай, бұршақ, тұман: сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды

  • 276
  • UPD: 17:12, 25.08.2020
Найзағай, бұршақ, тұман: сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды liter.kz

Қазгидромет еліміздің сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең 26 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

26 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Ақмола облысы

26 тамызда Ақмола облысында күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Көкшетау қ.: күндіз 26 тамызда найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

Таңертең және күндіз 26, тәулік бойы 27 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 26-27 тамызда кей жерлерде найзағай, бұршақ, тұман, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: күндіз 26 тамызда кей уақытта қатты жаңбыр жауады. 26-27 тамызда кей уақытта найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

26 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 26 тамызда найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 26 тамызда найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

26 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 26 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

26 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен солтүстік-шығыстан, жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы

26 тамызда Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы