420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Смартфон немесе ұялы телефоныңызға шабуыл жасалғанын қалай білуге болады

  • 182
  • UPD: 10:55, 26.08.2020
Смартфон немесе ұялы телефоныңызға шабуыл жасалғанын қалай білуге болады techno.24tv.ua

Сарапшы смартфон немесе қалта телефоныңызға шабуыл жасалып жатқанын қандай белгілерге қарап білуге болатынын айтып берді. 

Сонымен қатар ол қоғамдық жерлердегі ашық тұратын «вай-фай» желісіне қосылмауды, телефоныңызға түрлі қосымшаларды жүктеу кезінде вирус еніп кетпеуін тексеруді ұмытпауды ескертті.

Егер электронды құрылғыңыздың қалыпты режимде жұмыс істеуі бұзылса, яғни, телефон өздігінен өшіп-қосылатын болса, жаңа, күмәнді қосымшалар пайда болса, алаңдауға негіз бар, дейді сарапшы.

Шабуылдың айқын белгісі: сіздің еркіңізден тыс болған кіріс-шығыс қоңыраулары мен СМС-хабарламалар. Басқа абонентке қоңырау шалу кезінде шу мен дыбыстық кедергілердің болуы. Телефон қуатының тез таусылуы және тез қызып кетуі, пайдаланылған интернет-трафиктің шамадан тыс болуы екен.

Елена Агееваның айтуынша, мұндайда смартфоныңызға жүктелген қосымшаларды тағы бір қарап шығып, қажетсіздерін өшіріп, «қоңыраулар мен СМС-хабарларды бағыттау» функциясын алып тастаған жөн.

Бұған қоса, қоғамдық орындардағы «вай-фай» желісіне қосылмай, сенімсіз көздерден түрлі мобильді қосымшаларды жазып алмауға кеңес берді.

 life.ru

 

Хабар 24 телеарнасы