426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің шығысы мен батысында ауа райы жауын-шашынды болады

  • 220
  • UPD: 11:06, 26.08.2020
Еліміздің шығысы мен батысында ауа райы жауын-шашынды болады Объектив.kz

Қазгидромет 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын хабарлады.

Алдағы үш тәулікте биік жыра (жер бетіндегі желдің жинақталуы байқалатын ең аз қысым сызығы) республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс жартысына өз әсерін тигізеді. Аптаның соңына қарай Қазақстанның батыс облыстарындағы ауа райын Скандинавия аудандарынан келетін циклон анықтайтын болады. Сондықтан еліміздің батысында кей жерлерде жаңбыр жауады, шығыста найзағай, дауылды жел тұрып, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін.

Республиканың қалған аумағына антициклон әсер етеді, онымен жылы ауа райы, әсіресе жауын-шашынсыз ауа райы байланысты болады.

Хабар 24 телеарнасы