420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 217
  • UPD: 17:14, 26.08.2020
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды FAKTILER.KZ

Түнде және таңертең 27 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

27 тамызда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

27-28 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа жел ауысады, күндіз 27-28 тамызда кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: күндіз 27 тамызда найзағай күтіледі.

27 тамызда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік -батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: күндіз 27 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 тамызда Түркістан облысының таулы аудандарында түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Шымкент қ.: 27 тамызда түнде және таңертең найзағай, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қ.: 27 тамызда түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы