429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 28 тамыздан бастап қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзартылады

  • 272
  • UPD: 11:22, 27.08.2020
Елордада 28 тамыздан бастап қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзартылады

Елордада 28 тамыздан бастап қоғамдық көліктің жұмысы сағат 23:00-ге дейін ұзартылады.

Автобус ішіне бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді, деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, жол жүру ақысын көлік картасымен, қысқа нөмірге SMS жіберу арқылы, QR-код сканерлеу арқылы және басқа да қолма-қол төлемсіз өтеуге болады.

Хабар 24 телеарнасы