420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күндізгі ұйқының қаупі анықталды

  • 447
  • UPD: 11:51, 27.08.2020
Күндізгі ұйқының қаупі анықталды

Қытайдағы Гуанчжоу медициналық университетінің ғалымдары күндіз бір сағаттан артық ұйықтау өлім қаупін тудырады деген қорытындыға келді.

Зерттеушілер 20-дан астам ғылыми еңбектің деректерін жинақтап, 39%-і күндіз ұйықтаған 313 651 адам туралы мәліметтерді талдаған. Бұл туралы MedicalXpress басылымы жариялады.

Талдау нәтижелеріне сәйкес күндізгі уақытта бір сағаттан артық ұйықтаған адамдарда жүрек-қан тамырлары аурулары 34%, әртүрлі себептерден болатын өлім қаупі 30% жоғарылаған.

Күндіз ұзақ уақыт бойы көз шырымын алу тәулігіне алты сағаттан артық ұйықтайтындар үшін ғана қауіп тудырады деп саналып келген. Ал зерттеушілер күндізгі ұйқы ұзақтығына қарамастан, өлім қаупін 19% арттыратынын дәлелдеді.

Сонымен бірге әйелдер мен егде жастағы адамдарда ұйқы мен өлім қаупі арасындағы байланыс айқын көрінеді және қауіп сәйкесінше 22% және 17% құрады.

Мамандар сондай-ақ демалыс күндері ұзақ уақыт ұйықтау шаршау мен ұйқысыздықтың орнын толтырады деген пікірді жоққа шығарды.

Айтуынша, мұндай демалыс режимі, яғни жұмыс күндеріне қарағанда демалыс күндері әдеттегіден көп ұйықтау түрлі қауіпті ауру тудыруы мүмкін. Олардың ішінде қант диабеті және жүрек-қан тамыр жүйесімен байланысты аурулар бар.

Хабар 24 телеарнасы