428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 30-31 тамызда екі арнайы ХҚО Армениядан әкелінген көліктерді тіркейді

  • 303
  • UPD: 11:36, 28.08.2020
Алматыда 30-31 тамызда екі арнайы ХҚО Армениядан әкелінген көліктерді тіркейді

Алматыдағы екі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы демалысқа қарамастан, Армениядан әкелінген көліктерді тіркейді.

Бұл туралы inAlmaty.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

30 және 31 тамыз күндері Саялы шағын ауданындағы Ақ-қайнар көшесі 1 үй және Майлин көшесі 85 үйде орналасқан екі арнайы ХҚО жұмыс істейді.

Еске салайық, тіркеу 1 қыркүйекке дейін созылады.

Хабар 24 телеарнасы