420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустың көбеюіне тосқауыл бола алатын дәрумен анықталды

  • 649
  • UPD: 12:49, 28.08.2020
Коронавирустың көбеюіне тосқауыл бола алатын дәрумен анықталды

Манипаль жоғары білім академиясының және Үндістандағы аймақтық биотехнология орталығының ғалымдары В12 дәрумені коронавирустың көбеюіне тосқауыл қоя алатындығын анықтады.

Зерттеу жұмысы IUBMB Life журналында жарияланған.

Сарапшылар SARS-Cov-2 геномында болатын және вирустың көбеюіне жауап беретін nsp12-ді табиғи өнімдер мен дәрі-дәрмектердің арасында қандай молекулалар басуы мүмкін екенін анықтау үшін компьютерлік модельдеу жүргізді.

Нәтижесінде В12 – метилкобаламин вирустық жасушалардың көбеюіне тосқауыл қоюға қабілетті болып шықты.

«Бұл инфекцияны жұқтыру ықтималдығын азайту үшін медицина қызметкерлері мен қарттарға және қосымша ауруы бар жандарға тағайындалуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы