420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жүрек ауруларының қаупін азайтатын өнімдер аталды

  • 141
  • UPD: 10:47, 02.09.2020
Жүрек ауруларының қаупін азайтатын өнімдер аталды

Рационға бірнеше өнімді қосу арқылы қан қысымын, триглицерид, холестерин деңгейін жақсартып, жүрек ауруы қаупін төмендетуге болады.

Жапырақты аскөк. Құрамында К дәрумені және қан қысымын төмендетуге, артерия қызметін жақсартуға көмектесетін нитраттар бар. Олар жүрек қызметін нығайтады.

Жидектер. Олар антиоксиданттарға бай. Зерттеулер олардың жүрек ауруының қауіпті факторларының дамуына қарсы тұратынын көрсетеді.

Авокадо. Атеросклероз және жүректің ишемиялық ауруы сияқты патологиялардың дамуына ықпал ететін холестерин деңгейін, қан қысымын төмендетуге және метаболикалық синдромның қаупін азайтуға мүмкіндік беретін моноқанықпаған майлар мен калийге бай.

Майлы балық. Омега-3 майлы полиқанықпаған қышқылдарына бай. Ол қан қысымы, триглицеридтер мен холестериннің жоғары деңгейі сияқты жүрек аурулары қаупіне жол бермейді.

Қара шоколад. Ағзаны антиоксидантты флавоноидты қосындылармен қамтамасыз етеді.

Хабар 24 телеарнасы