426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қант диабетіне шалдығудың негізгі факторы анықталды

  • 376
  • UPD: 12:47, 02.09.2020
Қант диабетіне шалдығудың негізгі факторы анықталды

Артық салмақ қант диабетін тудыруы мүмкін, ал артық салмақтан арылу аурудың алдын алады, тіпті жеңуге мүмкіндік береді.

Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің және Италиядағы Милан университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді.

Зерттеушілер 445 765 адамның деректерін талдады, олардың орташа жасы 57,2-ні құрады. Екінші типті қант диабетінің даму қаупі 6,9 млн ген және дене массасының индексі негізінде бағаланды. Қатысушылар генетикалық бейімділікке байланысты бес топқа және дене салмағына байланысты бес топқа бөлінді.

Еріктілердің орташа жасы 65,2 жасқа жеткенше бақылау жүргізілді. Осы уақыт ішінде 31 298 адам екінші типті қант диабетіне шалдыққан.

Сонымен бірге, дене массасының индексі ең жоғары қатысушыларда қант диабетінің қаупі индексі төмендерге қарағанда 11 есе жоғары болды. Бұл жағдайларда генетикалық қауіп деңгейі қарастырылмаған.

Ғалымдардың айтуынша, қант диабетімен ауыру кезінде дене массасының индексін шекті деңгейден төмен ұстап тұру ауруды асқындырмауға мүмкіндік береді. Ол үшін дене салмағы мен бойдың және қандағы қант деңгейінің арақатынасын үнемі бақылау керек.

Хабар 24 телеарнасы