421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәріліктің емі табылды

  • 419
Кәріліктің емі табылды aif.ru

Қартайғанда адамның белсенділігін арттырып, түрлі аурулардан қорғайтын препарат белгілі болды.

АҚШ-тың қартаюды зерттеу институты альфа-кетоглутар қышқылы (AKG) адамды ауру-сырқаудан сақтап, белсенділік мөлшерін еселендіре түсетінін анықтаған.

Тәжірибе барысында AKG кальций тұзы есебінде ағзаға түскен соң құрттардың өмірін ұзартқан. Сонымен қатар тышқандардың да ұзақ жасауына көмектескен.

Альфа-кетоглутар қышқылы жасушадағы тыныс алу және басқа да процестермен байланысты. Оның мөлшері адам ағзасында 40 және 80 жас аралығында он есеге төмендейді. Сонымен бірге AKG-ні тамақтың көмегімен толтыруға болмайды. Тек белсенді қоспа ретінде қолдануға рұқсат.

Зерттеушілер тышқандарға 18 айынан бастап AKG-ні қосып беріп отырады. Нәтижесінде олардың өмір сүру мерзімі артып, тіпті қартаю процесі кезіндегі өзгерістер мүлде жойылып кеткен.

Қазір зерттеушілер бұл препараттың адамдарды қартаюдан құтқару мүмкіндігіне тексеріс жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы