426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 243
  • UPD: 16:21, 02.09.2020
Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Klike.net

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ақмола облысы

3 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз ауа температурасы 13-18 градусқа дейін күрт төмендейді.

Көкшетау қ.: түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз ауа температурасы 14-16 градусқа дейін күрт төмендейді.

Қызылорда облысы

3 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысыныда ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 3 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

3 қыркүйекте Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік -батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: күндіз 03 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі

4 қыркүйекте Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Атырау облысы

Күндіз 2 қыркүйекте Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Хабар 24 телеарнасы