429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға 5-6 қыркүйекте екі облыстың фермерлері 800 тоннадан астам өнім жеткізеді

  • 261
  • UPD: 18:00, 02.09.2020
Елордаға 5-6 қыркүйекте екі облыстың фермерлері 800 тоннадан астам өнім жеткізеді

Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтық сатылымнан 15-20 процент төмен болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

5-6 қыркүйек күндері аралығында «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкеде Түркістан облысы шаруалары мен дихандары 447,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтық сатылымнан 15-20 процент төмен бағамен қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынады.

Атап айтқанда, 34 жүк көлігіне тиелген 267,7 тонна көкөніс, бақша, картоп, 29,5 тонна жеміс-жидектер, 72 тонна ет және ет өнімдері, 47,5 тонна сүт өнімдері, 10 тонна балық, 6 тонна әсел, 14,5 тонна жеміс шырыны мен консерві өнімдері.  

Түркістан әкімдігі негізгі өнімдер бойынша бағаларға да талдау жасаған. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында сиыр етінің нарықтағы орташа бағасы 2000-2100 тг/кг құраса, жәрмеңкеде 1700-1800 тг/кг., қарбыз, қауын 130-200 тг/кг болса, жәрмеңкеде 75-100 тг/кг, көкөніс өнімдерінің орташа бағасы 150-200 тг/кг болса, жәрмеңкеде 100-150 тг/кг.

5 және 6 қыркүйекте Алматы облысынан ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне үш қала – Текелі, Қапшағай және Талдықорған қалалары және 17 аудан қатысады.

Жалпы алғанда, 370,4 тонна ауыл шаруашылығы өнімі немесе 48 аталы өнім әкелінеді.

Фермерлер 44,5 тонна ет, 16,1 тонна сүт өнімдерін, 113,6 тонна көкөніс, 14,7 тонна балық, 38 тонна жеміс-жидек, 42,6 тонна картоп, 100 тонна басқа да өнімдер әкеледі. Жалпы сомасы 170,5 млн теңгенің өнімін сату жоспарлануда.

Жәрмеңкеге келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы қажет: маска тағу, арақашықтықты сақтау және міндетті түрде антисептиктерді қолдану.

Хабар 24 телеарнасы