426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан мен тоғыз өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 162
  • UPD: 22:00, 02.09.2020
Нұр-Сұлтан мен тоғыз өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

3 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с артуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 16-18 градусқа дейін күрт төмендейді.

4 қыркүйекте Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумағында ауа температурасы күндіз -12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

3 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, 4 қыркүйекте Павлодар облыстарында ауа температурасы күндіз 12-18 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 25 м/с дейін күтіледі.

3 қыркүйекте Қостанай облысында ауа температурасы күндіз -12-18 градус жылыға дейін төмендейді.

3 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

3 қыркүйекте күндізТүркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғып, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Хабар 24 телеарнасы