421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда көбіне қандай банкноталар қолдан жасалады

  • 258
  • UPD: 10:45, 03.09.2020
Қазақстанда көбіне қандай банкноталар қолдан жасалады Sputnik Казахстан

Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы жеті айында жалпы сомасы 1,2 млн теңге құрайтын 381 жалған банкнота анықталды.

Бұл кезеңде жалған монеталарды шығару фактілері  де тіркелмеген.

– Жалған ақша белгілерінің саны 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,9 %-ке төмендеді (өткен жылғы көрсеткіш – 718 банкнот және 6 монета), – дейді ҚР ҰБ қолма-қол ақша айналымы департаментінің банкноттарды және монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асхат Әбішев.

Жалған банкноттардың басым бөлігі Алматы қаласында анықталған – 243 жалған банкнот (63,78%). 2020 жылы көбіне номиналы 2 мың (41,47 %) және 5 мың теңгелік (31,5%) банкноталар қолдан жасалған.

Хабар 24 телеарнасы