428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гидрокортизон коронавирустан емделуге көмектесе ме?

  • 195
  • UPD: 23:54, 03.09.2020
Гидрокортизон коронавирустан емделуге көмектесе ме?

Гидрокортизон деп аталатын қабынуға қарсы стероидты дәрі ауруы асқынып, жағдайы қиындаған науқастар арасындағы өлім көрсеткішін азайтуға қауқарлы.

Лондон империялық колледжінің ғалымдары осындай шешімге келді. Наурыз-маусым аралығында мамандар коронавирус жұқтырып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған 403 пациентті бақылауға алған. Нәтижесінде гидрокортизонды қабылдағандардің 93%-і жазылып кеткен. Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры бұл коронавирусты емдеудегі ғылыми жаңалық екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы