Қазіргі уақытта кез келген жерде QR-код арқылы төлем жасау кеңінен тараған.
Ол шотыңыздағы ақшадан айырылып қалу қаупін тудыра ма?
QR коды – бұл мәтін мен сілтемелерді сақтауға арналған формат.
Егер онда фишингтік сайтқа сілтеме болса ғана QR код арқылы картадағы ақшадан айырылып қалуыңыз мүмкін, деп мәлімдеді ресейлік маман Ашот Оганесян.
«Егер сіз сондай сайтқа апаратын сілтемені бассаңыз, содан кейін төлем туралы мәліметтерді енгізіп, оларды құпиясөзбен немесе картаның cvc кодымен растасаңыз, картаңыздағы қаржыдан айырылып қалуыңыз мүмкін», - деп түсіндірді.