429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қан тобының өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететіні белгілі болды

  • 478
  • UPD: 17:57, 16.09.2020
Қан тобының өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететіні белгілі болды

Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі қан жүйесіне байланысты.

Ғалымдардың пікірінше, қан тобы адамның өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді.

Антиденелер мен эритроциттерді зерттеудің нәтижелері жарияланды, деп хабарлады sterlegrad.ru.

Зерттеу барысында қанның құрамдас бөліктері адамның өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер ететіні анықталған.

1 топ: Бұл топтағы адамдарға жүрек аурулары қауіп тудырмайды. Алайда 1-ші қан тобының иелерінде репродуктивті қызмет проблемалары болуы мүмкін.

2 топ: Ғалымдардың айтуынша, бұл топтағы адамдарда суық тию, қант диабеті және депрессия жиі кездеседі. Асқазан қатерлі ісігінің даму қаупі де жоғары болып келеді.

3 топ: Үшінші қан тобының иелеріне инфекция қауіп тудырмайды, бірақ отит және онкология қауіпті.

4 топ: Төртінші қан тобы жататын адамдар көбінесе ұзақ өмір сүреді. Алайда, олар жүрек ауруына бейім болып келеді.

Хабар 24 телеарнасы