424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік болады

  • 313
  • UPD: 14:57, 04.09.2020
Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

5 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік болады деп күтіледі. Көкшетау қаласында топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Дәл осы күні күнгі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде 5 қыркүйекте шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде 5 қыркүйек түнде 1-3 градус үсік болады күтіледі. Қарағанды қаласында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Хабар 24 телеарнасы