426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада М1 көпірінде көлік қозғалысы жартылай жабылады

  • 210
  • UPD: 17:44, 04.09.2020
Елордада М1 көпірінде көлік қозғалысы жартылай жабылады

Елордадағы М1 көпірінде Қошқарбаев даңғылынан бастап көлік айрығына дейінгі учаскеде 5-10 қыркүйек аралығында қозғалыс жартылай жабылады.

Тұрғындар мен қонақтар жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қошқарбаев даңғылынан бастап көлік айрығына дейінгі учаскеде М1 көпірінде маршруттық әдіспен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты 5-10 қыркүйек аралығында автокөлік қозғалысы үшін көше ішінара жабылады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы