420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тамақтану мен COVID-19-дан болатын өлім жағдайлары арасындағы байланыс табылды

  • 126
  • UPD: 10:43, 07.09.2020
Тамақтану мен COVID-19-дан болатын өлім жағдайлары арасындағы байланыс табылды

Ғалымдар тамақтану рационы мен коронавирустан болатын өлім жағдайлары арасындағы байланысты анықтады.

Осылайша, тұрғындары Жерорта теңізі диетасын ұстанатын елдер өлім-жітімнің ең жоғары деңгейін көрсеткен.

Өз зерттеулерінде ғалымдар Германия, Австрия, Чехия, Қытай және Түркиядағы коронавирустық өлім жағдайларының аз болуына тұрғындардың қырыққабат және сүт өнімдерін жиі тұтынуы ықпал етті деген қорытындыға келді.

«Майлылығы төмен сүт өнімдері зәр қышқылының бөлінуіне ықпал етеді, липидтер мен көмірсу алмасуын қалыпқа келтіреді және кальций мен Д дәруменінің көзі болып табылады», - деп түсіндірді диетолог Наталья Пугачева.

Бірақ дұрыс тамақтану вирусқа емес, адамның иммундық жүйесіне әсер етеді. Ал дұрыс тамақтанбау бірқатар ауруға соқтыруы мүмкін: семіздік немесе қант диабеті. Олар өз кезегінде коронавирустық инфекцияның ағымын күшейтеді.

Хабар 24 телеарнасы