424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жартылай фабрикат өндіретін цех жұмысқа есту қабілеті нашар жандарды қабылдайды

  • 207
  • UPD: 17:57, 07.09.2020

Елордада құлағы нашар еститін адамдар жұмыс істейтін әлеуметтік дәмхана бар. Енді ол жерде түшпара өндірісі де ашылды.

Қазір онда 14 адам жұмыс істейді олардың 11-інде есту қабілеті нашар. Бұл тәжірибе әлемде кең таралған. Цех 5 млн теңгенің құрылғысымен жабдықталған. Бұл цехтың жұмысын едәуір жеңілдетеді дейді өндіріс иесі. Жасалған түшпара қаладағы ірі сауда орындарына жеткізіледі. Ол мекемелер де әлеуметтік жұмысқа қолдау білдіріп, тегін арнайы орын да бөліпті. Тек денсаулығы нашар болғанымен рухы мықты адамдар тынбай жұмыс істесе, әлі де көп жетістікке жетуге болады дейді. Жобаны жүзеге асыруда Израиль елшілігі айтарлықтай қолдау көрсеткен.  

Эмин Әскеров, жеке кәсіпкер:

- Карантин кезінде біз қиындыққа тап болдық. Сол кезде жұмысшыларды табыссыз қалдырмаудың жолын іздедім. Жеткізу қызметін қосу керек екенін түсіндім. Және ол жартылай фабрикаттық өнімдер болу керек деген ой келді. Израиль елшілігінің қолдауымен цех ашып жұмысты бастап та кеттік. Мен де, жұмысшылар да өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы