424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пандемияға қарамастан тұрғын үй бағасы қымбаттаған елдер аталды

  • 163
  • UPD: 12:56, 08.09.2020
Пандемияға қарамастан тұрғын үй бағасы қымбаттаған елдер аталды

Дүниежүзілік тұрғын үй нарығы пандемияға қарамастан бағаның қарқынды өсуін көрсетуде.

Global Property Guide сарапшылары осындай тұжырымға келді, деп жазды krisha.kz.

Сарапшылар зерттеуге алынған 49 елдің 34-інде тұрғын үй бағасы өскенін, ал 15 елде бағаның айтарлықтай төмендегенін анықтады.

Бағаның қымбаттауы Түркияда (+11,59%), Филиппинде (Макати, +11,52%), Германияда (+10,85%), Словакияда (+9,13%) және Эстонияда (+8,28%) тіркелді.

Ал Египетте (-17%), Пәкістанда (-4,62%), Пуэрто-Рикода (-4,44%), Мальтада (-3,51%) және БАӘ-де (Дубай, -3,27%) тұрғын үй бағасы арзандаған.

Посткеңестік елдерге келетін болсақ, Ресейде, Латвияда және Украинада оң динамика байқалады, сәйкесінше 4,82, 0,85 және 0,02%.

Сарапшылар мыны тенденцияларды анықтады:

– Түркиядағы тұрғын үй нарығы жергілікті және шетелдік инвесторлардың сұранысының арқасында айтарлықтай қалпына келіп жатыр;

– Еуропада жылжымайтын мүлік бағасының қарқынды өсуі жалғасуда. Еуропалық тұрғын үй нарығының екеуінде ғана баға құлдыраған – Мальта мен Финляндия.

– Азия-Тынық мұхиты аймағында да жағдай жақсарып келеді, жеті елде үй бағасы көтерілді.

– Таяу Шығыста мұнай бағасының күрт төмендеуі, коронавирус, саяси және дипломатиялық дағдарыстар тұрғын үй нарығын құлдыратты.

– АҚШ-та тұрғын үй бағасы тұрақты түрде қымбаттауда.

Хабар 24 телеарнасы