424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қандай туристік танымал орындарда суретке түсуге тыйым салынған

  • 126
  • UPD: 09:55, 09.09.2020
Қандай туристік танымал орындарда суретке түсуге тыйым салынған

Туристердің суретке түсуіне тыйым салынған танымал орындар аталды, деп хабарлады The Sun.

Саяхатшылар сәулет өнерінің үздік туындыларына көріп қана қоймай, суретке түсіруге де тырысады. Дегенмен экспонаттарды қорғау үшін немесе діни себептермен олардың ішін суретке түсіруге тыйым салынуы мүмкін.

Мәселен, Кейт Мидлтон мен ханзада Уильямның үйлену рәсімі өткен Лондонның Вестминстер аббаттығының сайтында фотосуретке алаңдаудың кесірінен ерекше сұлулық пен тарихи жәдігерлерден рухани ләззат алу қиын екендігі және фотосуретке түсіру ғимараттағы қасиетті атмосфераны бұзатыны айтылған.

Париждегі әйгілі Эйфель мұнарасын түнде суретке түсіруге болмайды, дегенмен күндіз бұл мұнарада фотосурет түсіруге рұқсат берілген.

Сонымен қатар Париждегі Сакре-Кер соборының ішінде діни себептерге байланысты фотоға түсе алмайсыз, өйткені бұл жұмыс істеп тұрған католик шіркеуі. Дұға ету үшін қолайлы атмосфераны сақтау қажет екендігі айтылған. Тәртіп бұзушыларды шіркеуден шығарып жібереді.

Әдетте мұражайларда жарқылдың көмегімен суретке түсуге тыйым салынады, себебі ол экспонаттарға кері әсер етеді.

Амстердамдағы Ван Гог мұражайындағы өнер туындыларын суретке түсіруге тыйым салынады, бірақ селфи жасауға арналған арнайы қабырғада суретке түсуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ Амстердамда Анна Франк үйінде суретке түсуге тыйым салынған. Туристердің фотожарқылдары келушілердің ойлануына кедергі келтіреді деп саналады.

Ватикандағы Сикстин капелласында Микеланджело салған төбені суретке түсіруге тыйым салынған. Фотоға түсіретін құрылғылардың жарқылы оны зақымдауы мүмкін.

Таиландтағы танымал Май Као жағажайына суретке түсе алмайсыз. Әуежай өте жақын, ал жарқыл ұшқыштардың лайнерді басқаруына кедергі келтіреді. Заңсыз селфи жасағандар түрмеге жабылуы мүмкін.

Жапонияның Киото қаласындағы Гион-стрит көшесінде суретке түсуге тыйым салынады. Мұнда жұмыс істейтін гейшаларды қудалап, суретке түсіруге тырысқандар айыппұл төлейді.

Хабар 24 телеарнасы