426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар мұздатылған ақсеркеде COVID-19 қанша уақыт өмір сүретінін айтты

  • 242
  • UPD: 12:58, 09.09.2020
Ғалымдар мұздатылған ақсеркеде COVID-19 қанша уақыт өмір сүретінін айтты ria.ru

Коронавирустың жаңа түрі мұздатылған ақсеркенің бетінде бір аптадан астам уақыт өмір сүре алады және вирулентті болып қала береді.

Ақпарат biorxiv.org платформасында жарияланған Қытай ғалымдарының зерттеуінен алынған.

Қытайда, соның ішінде Уханьда коронавирустың өршуі теңіз өнімдерін қолданғаннан соң белең алған.

Мамыр-маусым айларында Қытай билігі ақсерке импортына уақытша тыйым салып, оны Бейжіңнің ең ірі сауда нарығы «Синфадидегі» вирустың өршуінен соң сатылымнан алып тастады. Онда ақсерке кесілген тақтадан коронавирус табылды.

Ет немесе мұздатылған балық вирустың тарату көзі болуы мүмкін. Бірақ Қытай билігі ақсеркенің вирустың тарауына қатысы бар екендігіне дәлел жоқтығын мәлімдеді. Олар балықтың өзі жұқпалы бола алмайтынын, бірақ вирус оның бетінде сақталуы мүмкін екенін түсіндірді.

Бір топ қытай ғалымдары жүргізген зерттеу бойынша SARS-CoV-2 вирусы (коронавирустың ресми атауы) ақсерке балығының бетінде 25 градустық температурада екі күн бойы сақталады, ал 4 градус температурада кемінде сегіз күн вирулентті болып қалатынын көрсетті.

«Импортталған және экспортталған балық 0-4 градустық төмен температурада сақталуы керек. Ал ластанған балық SARS-CoV-2 вирусының халықаралық жұқтыру көзі бола отырып, бір апта ішінде бір елден екінші елге оңай тасымалдануы мүмкін», – делінген зерттеу мәтінінде.

Хабар 24 телеарнасы