420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Орынбор көшесі мен Тұран даңғылының қиылысындағы қозғалыс жабылады

  • 144
  • UPD: 17:19, 09.09.2020
Елордада Орынбор көшесі мен Тұран даңғылының қиылысындағы қозғалыс жабылады

Елордада Орынбор көшесі мен Тұран даңғылының қиылысындағы қозғалыс 10-20 қыркүйек аралығында жартылай тоқтатылады.

«24 (Орынбор) көшесін салу» жобасын іске асыру үшін Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде көлік және жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам объектілерін орналастыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Осыған байланысты 10-20 қыркүйек аралығында Орынбор көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында (Тұран даңғылының оң жағы әуежай бағыты) қозғалысты тоқтату жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы