420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қандай аурулар кезінде коронавирус вакцинасын салдыруға болмайтыны айтылды

  • 212
  • UPD: 10:51, 11.09.2020
Қандай аурулар кезінде коронавирус вакцинасын салдыруға болмайтыны айтылды

Коронавирус вакцинасына қарсы көрсетілімі бар аурулар аталды.

Ол туралы иммунолог дәрігер Владислав Жемчугов айтты, деп жазды ria.ru.

Дәрігер олардың арасында иммунодепрессивті препараттарды енгізуге байланысты ауруларды атады. Оған онкологиялық аурулар да жатады.

«Егер емдеу жүргізілетін болса, онда ол иммунодепрессиямен бірге жүреді. Демек, бір жағынан көрсетілім бар, екінші жағынан, керісінше, қарсы көрсетілім бар», - деп түсіндірді Жемчугов.

Дәрігер вакцинацияға қатысты барлық мәселені науқастың емдеуші дәрігері шешуі керек екенін еске салды.

Сонымен қатар ол COVID-19 вакцинасына абсолютті қарсы көрсетілімі бар ауруларға қабыну және аутоиммунды ауруларды, қанның жүйелік аурулары мен қызыл жегіні жатқызды.

Хабар 24 телеарнасы