429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

  • 262
  • UPD: 11:23, 11.09.2020
Астанада жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

Нұр-Сұлтан қаласында жексенбі күні, 13 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады.

Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.

«Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 23:00-ге дейін. Дүйсенбі күннен бастап, 14 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар линияға шығады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.

Хабар 24 телеарнасы