420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы Өндіріс көшесі жартылай жабылады

  • 199
  • UPD: 17:47, 11.09.2020
Елордадағы Өндіріс көшесі жартылай жабылады Елорда әкімдігі

Елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағдарын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Орташа жөндеу аясында Өндіріс көшесінде Өзен көшесінен Солтүстік айналма жолға дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты, 12-13 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп атап өтті қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Хабар 24 телеарнасы