426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы: үш облыста дауылды ескерту жарияланды

  • 160
Ауа райы: үш облыста дауылды ескерту жарияланды

Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Синоптиктердің мәліметінше, 14 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан, ал күндіз батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Оралда 14 қыркүйекте күндіз найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан, сондай-ақ батыстан ұйтқып соғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 85-90%. 14 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95%. 14 қыркүйек күні Қызылорда облысында жел күндіз солтүстік-батыстан, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-100%.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

14 қыркүйек күні Қызылорда облысында жел күндіз солтүстік-батыстан, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-100%.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы