429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Смартфон жарығының дене терісіне қаупі анықталды

  • 187
  • UPD: 14:36, 14.09.2020
Смартфон жарығының дене терісіне қаупі анықталды

Сарапшы смартфон экраны сәулесінің дене терісіне қаупі туралы айтты.

Зерттеу материалы A Current Affair басылымында жарияланған.

Қатерлі ісікпен күрес орталығының дерматологы Шьямалар Гунатисан замануи технологияларды қолданудың адам денсаулығына кері әсері күннің зақымдауымен пара-пар екенін атап өтті.

Атап айтқанда, ноутбук, телефон, планшеттерден, теледидардан және жарықдиодты шамдардан шығатын көгілдір жарық зиян болып саналады.

«Сәуле дереу теріге енеді», - деп түсіндірді дерматолог.

Ғалымдардың айтуынша, цифрлы құрылғылардың алдында бес күн бойы шамамен алты сағат жұмыс істеу теріге күннің астында 25 минут ешқандай қорғаныссыз жүргендегідей әсер етуі мүмкін.

«Ұзақ уақыт бойы көгілдір жарықтың теріге әсер етуінен гиперпигментация пайда болады. Одан терінің түсі қоңырлана бастайды. Ол сонымен қатар қартаюға, дақтардың пайда болуына әкеледі», - деді Шьямалар Гунатисан.

Айтуынша, теріні құрамында мықты антиоксиданттар, соның ішінде В3 немесе С дәрумендері бар қорғаныс құралдарымен қорғау керек.

Сондай-ақ құрылғының жарықтану деңгейін төмендетіп қолдануға кеңес берді.

Хабар 24 телеарнасы