424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

  • 138
  • UPD: 17:21, 15.09.2020
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.

Атырау облысында кей жерлерінде 16 қыркүйек күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с. Атырау қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында 16 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 16 қыркүйекте күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Шымкент қаласында 16 қыркүйекте күндіз батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысында 16 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

16-17 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. 17 қыркүйекте кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. 16-17 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерінде 25 м/с күтіледі. Павлодар қаласында 16-17 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

16 қыркүйекте Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында жел солтүстік-батыстан, екпіні 18 м/с.

16-17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 16-17 қыркүйекте кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, тәулік бойы 16, түнде 17 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы