420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның 15 өңірінде қатты жел соғады

  • 79
  • UPD: 11:02, 17.09.2020
Қазақстанның 15 өңірінде қатты жел соғады

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша 17 қыркүйекте еліміздің 15 өңірінде дауылды құбылыстар күтілуде.

17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр.

Ақмола облысында жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метр күтілуде.

Ақтөбе облысында желдің екпіні секундына 15-20, 18 метр күтілуде.

Алматы облысында 17 қыркүйекте найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде, 

Атырау облысында екпіні секундына 15-20 метр жел күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, екпіні секундына 15-20 метр, 23-28 метр жел күтілуде.

Жамбыл облысында 17 қыркүйекте екпіні секундына 15-20 метр, 23-28,30 және одан қатты жел күтілуде.

Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде.

Қарағанды облысында қатты жаңбыр, екпіні секундына 15-20 метр, 23-28,30 және одан қатты жел күтілуде.

17 қыркүйекте Қостанай облысында тұман, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр.

Қызылорда облысында найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр. Күндіз өрт қаупі өте жоғары.

17 қыркүйекте Маңғыстау облысында шаңды дауыл, екпіні секундына 15-20 метр жел күтілуде.

Павлодар облысында найзағай, дауыл, бұршақ, кей жерлерде қатты жаңбыр, екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 25 метр жел күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23-28 метр.

 Түркістан облысында 17 қыркүйекте кей жерлерде шаңды дауыл, екпіні секундына 15-20, 25 метр жел күтілуде.

«Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар», - делінген ТЖМ баспасөз хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы