420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа қарсы дәрінің өлім қаупін тудыратыны анықталды

  • 87
  • UPD: 12:50, 17.09.2020
Коронавирусқа қарсы дәрінің өлім қаупін тудыратыны анықталды

Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары коронавирустың асқынуымен күресте қолданылатын азитромициннің кейбір басқа дәрілермен бірге қабылдаған кезде жүрек талмасын тудыруы мүмкін екенін анықтады.

Аталған дәрінің қаупі туралы JAMA Network Open журналындағы зерттеуде айтылған, деп жазды lenta.ru.

Зерттеушілер төрт миллионнан астам пациенттің мәліметтерін талдап, азитромицин мен жүректің электрлік импульстарына әсер ететін дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау талу, жүрек соғуының жиілеуі, тіпті жүректің тоқтап қалуымен байланысты екенін анықтады.

Электрлік импульстарға әсер ететін дәрі-дәрмекке қан қысымына қарсы дәрілер, антидепрессанттар, безгекке қарсы препараттар мен опиоидтар жатады.

Хабар 24 телеарнасы