427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің 9 өңірінде дауылды құбылыстар күтілуде

  • 261
Еліміздің 9 өңірінде дауылды құбылыстар күтілуде

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша еліміздің 9 өңірінде дауылды құбылыстар күтілуде.

19 қаңтарда Ақтөбе облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр күтілуде.

19-20 қаңтарда Алматы облысында түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік күтілуде.

19 қаңтарда Атырау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі секундына 15-20 метр күтілуде.

19 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр, түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік күтілуде.

19 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр, кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз қатты жаңбыр күтілуде.

19 қаңтарда Қызылорда облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр. Күндіз өрт қаупі өте жоғары.

19 қаңтарда Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, желдің күшеюі секундына 15-20 метр, күндіз желдің екпіні секундына 23 метр күтілуде

19 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр күтілуде.

19 қаңтарда Түркістан облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр күтілуде.

Төтенше жағдайлар министрліті азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады.

Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.

Хабар 24 телеарнасы