428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Диетологтар ең пайдалы әрі арзан жеті өнімді атады

  • 137
  • UPD: 16:04, 20.09.2020
Диетологтар ең пайдалы әрі арзан жеті өнімді атады Фото: pixabay.com

Диетолог Кристина Андерссон ең пайдалы әрі арзан жеті өнімді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Дәрігер бірінші кезекте тағамға пияз қосу керегін айтады. «Пиязда ағзаға қажет дәрумендер бар», дейді. Әсіресе, қызыл пиязда антиоксиданттар көп екен.

Сондай-ақ диетолог «ағзаны қатерлі ісіктен қорғайды» деп орамжапырақты жеуге кеңес береді. Ал асқазан жүйесі ауыратындарға дәрігер орамжапырақты шикі түрде жемеу керегін айтады.

Ал картоп, дәрігердің айтуынша, диеталық тағам түрлерін тұтынатындарға жақсы. Сәбіз пен қызылша да минералдарға бай дейді.

Хабар 24 телеарнасы