429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар күзгі көңілсіздікпен күресудің жолдарын анықтады

  • 315
  • UPD: 10:54, 12.10.2020
Мамандар күзгі көңілсіздікпен күресудің жолдарын анықтады

Психология және иммунология саласының мамандары күзгі көңілсіздіктен арылудың жолдарын анықтады.

Психологтың пікірінше, күзгі көңілсіздікті жеңу үшін күнделікті режимді сақтап, ауа райына бола кездесулер мен серуеннен, физикалық белсенділіктен бас тартпаған дұрыс.

Ал иммунология маманы: «Өзіндік ұйымдастыру процесіне көңіл бөлген дұрыс», – дейді.

Көбірек жұмыс істеп, адамдармен жиі қарым-қатынас жасап, бос уақытты белсенді демалысқа арнау қажет.

Күзгі және қысқы маусымдардағы D дәруменінің тапшылығын болдырмау үшін көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ балықты көп тұтынған дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы