432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көз ауруларынан қорғайтын дәрумендер анықталды

  • 230
  • UPD: 10:25, 21.09.2020
Көз ауруларынан қорғайтын дәрумендер анықталды

А дәрумені, мыс және мырыш адамды көз ауруларынан сақтай алады.

Бұл туралы америкалық диетолог Джулианна Хевер айтты деп жазды iz.ru.

АҚШ-тың Ұлттық көру қабілеті институтының зерттеуіне 55 пен 80 жас аралығындағы 4700-ден астам адам қатысты. Дәл осы жас аралығындағы адамдарда көру патологиясы жиі кездеседі.

Еріктілер төрт топқа бөлініп, бес жыл бойы пероральді қоспалар қабылдады.

Сонымен, қатысушылардың бірінші тобы 15 мг А дәрумені, сондай-ақ мыс пен мырыш қосылған антиоксидантты құрам қабылдады, екінші топ тек А дәруменін тұтынды, үшіншілер тек микроэлементтер, ал төртінші топ плацебо қабылдаған.

Нәтижесінде бірінші топтағы пациенттерде жасқа байланысты көру дисфункциясы 25% бәсеңдеп, соқырлық қаупі де 19% төмендегені белгілі болды.

Көру қабілетін сақтауға байланысты А дәруменін тұтыну үшін дәріханадан қоспа сатып алу қажет емес. Пайдалы элементтер асқабақта, жұмыртқада, сәбізде және сүзбеде болады.

Хабар 24 телеарнасы