427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда қандай жерлерде велосипедпен серуендеуге болады

  • 189
  • UPD: 12:41, 21.09.2020
Нұр-Сұлтанда қандай жерлерде велосипедпен серуендеуге болады

Елорда тұрғындары арасында велосипедпен жүру жыл сайын көптеп сұранысқа ие болып келеді.

Мамандар велоспортпен айналысудың пайдасы көп екенін айтады. Бұл ұйқының жақсаруы, қан айналымы, төзімділіктің жоғарылауы, стресстің төмендеуі және басқалар. Астанада салауатты өмір салтын ұстануға барлық жағдай жасалған. Нұр-Сұлтанда жыл сайын жүгіру және веложолақтар саны артып келеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша, қаладағы веломаршруттар үш түрге бөлінеді: іскерлік, рекреациялық және туристік.

Біріншісі түзу, велосипед жолдарының арасындағы байланыстармен ерекшеленеді. Олардың мақсаты – велосипедші аз уақытта қажетті жерге жете алады.

Рекреациялық жолдар – тармақталған, саябақтар мен алаңдар арқылы өтеді, велосипед тебуді және қоршаған ландшафтты тамашалағысы келетіндерге арналған.

Туристік жолдар – қаланың көрікті жерлерін және елорда қонақтарының қызығушылығын тудыруы мүмкін жерлерде орналасқан.

Велосипед әуесқойлары Триатлон саябағында, Астаналық, Жерұйық және ботаникалық бақта еркін серуендей алады.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда қалада 70 км веложол іске қосылды, тағы 123 км веложолды жабдықтау жоспарланған. Ведомство хабарлағандай, 2020 жылы 46,4 км, 2021 жылы 36 км, 2022 жылы 40,7 км жол пайдалануға беріледі.

Жасыл белдеу аумағында 23 км веложол бар.

Хабар 24 телеарнасы