429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО: құс тұмауы адамдарға жұғуы мүмкін бе

  • 356
  • UPD: 16:01, 21.09.2020
СҚО: құс тұмауы адамдарға жұғуы мүмкін бе

Құс тұмауы адамнан адамға жұқпайды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Солтүстік Қазақстандағы құс тұмауы жағдайларына қатысты өткен ОКҚ брифингінде айтты.

«Бұл H5N8 вирусы тек құстан құсқа жұғады. H5N1 деген құс тұмауы да бар. Ол адамға жұғуы мүмкін. Алайда бұл штамдағы вирус басқа типті болғандықтан, адамға жұқпайды. Бірақ жұқпайды деп қарап отырған жоқпыз. Қазіргі уақытта әрбір денсаулық сақтау мекемелері жұмыс жүргізіп жатыр. Құс фермаларында жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын бақылауға алғанбыз. Егер шағыммен ауруханаларға келетін болса, дәрігерлер емдеу шараларын жүргізеді», - деді.

Вирустың құс өнімдері арқылы, құс еті немесе жұмыртқа арқылы жұғу жағдайлары тіркелмегенін айтып өтті.

Ал адамдар арасында құс тұмауын жұқтыру фактілері жоқ.

Айта кетсек, Солтүстік Қазақстан облысында құстардан құс тұмауы анықталған болатын. СҚО-да құс фабрикаларында жұмыс істейтін 400 адам анықталды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Хабар 24 телеарнасы