427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WhatsApp-қа енді бірнеше құрылғымен қосылуға болады

  • 326
  • UPD: 16:13, 21.09.2020
WhatsApp-қа енді бірнеше құрылғымен қосылуға болады

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады.

Мессенджер бір мезгілде бірнеше құрылғымен бір есептік жазбаға қосылуға мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуда.

Бұл туралы WABetaInfo хабарлады. Жақын арада ашық бета-тестілеу басталады.

Порталдың хабарлауынша, функцияны іске қосқаннан кейін қосымшада «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімі пайда болады, онда пайдаланушы бір уақытта төрт гаджет арқылы мессенджерге кіре алады.

Хабар 24 телеарнасы