428,10 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптастыратын ауру анықталды

  • 239
  • UPD: 11:54, 22.09.2020
Коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптастыратын ауру анықталды

Денге безгегімен ауырған адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет болуы мүмкін.

Бұл туралы Дьюк университетінің (АҚШ) профессоры Мигель Николелис жүргізген зерттеуде айтылған.

«Денге инфекциясы коронавирусқа қарсы иммунологиялық қорғаныстың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ете алады», - делінген.

Оның айтуынша, денге безгегіне қарсы вакцина алған адамдарда да COVID-19-ға қарсы иммунитет болуы мүмкін.

Ғалым тұрғындары денге безгегімен ауырған Бразилия қалаларында коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің төмен екенін анықтады.

Николелис инфекциялардың әртүрлі екендігіне қарамастан, олардың бір-бірімен байланысы бар екенін айтты. Ғалымдар әрі қарай зерттеу жүргізбек.

Хабар 24 телеарнасы