427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар революциялық табиғи антибиотик тапты

  • 246
  • UPD: 11:15, 23.09.2020
Ғалымдар революциялық табиғи антибиотик тапты

Тюмень мемлекеттік университетінің ғалымдары басқа ресейлік ғылыми-зерттеу институттарындағы әріптестерімен бірге әлемде бірінші болып патогендердің дәрілік препараттарға төзімділігін жеңетін әмбебап табиғи антибиотик тапты.

Аталған антибиотик бактериялар мен саңырауқұлақтардан туындаған адамдар мен жануарларда кездесетін көптеген инфекциялық аурулармен күресуге көмектеседі.

Бұл туралы Applied Biochemistry and Microbiology журналында жарияланған зерттеуде айтылған, деп жазды ria.ru.

Әлемде тұңғыш рет Тюмень мемлекеттік университетінің зерттеушілері алкалофильді мицеллиалды саңырауқұлақтардан бөлінетін эмерициллипсин А пептидінің ерекше қабілетін анықтады. Сарапшылардың айтуы бойынша, аталған зат бактериялардың биоқабықшалар түзу қабілетін тежейді, сондықтан бұл патогендердің антибиотиктерге төзімділігі жоғалады.

Хабар 24 телеарнасы