427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өкпе зақымдануының алғашқы белгілері қандай

  • 220
  • UPD: 17:07, 24.09.2020
Өкпе зақымдануының алғашқы белгілері қандай

Медициналық көмекке жүгінуді қажет ететін өкпе зақымдануының алғашқы белгілері қандай?

Бұл сұраққа пульмонолог дәрігер Сергей Пурясев жауап берді, деп жазды ria.ru.

Оның айтуынша, алғашқы белгілерге ентігу, жөтел, дене қызуының көтерілуі және қақырық жатады.

Тіпті созылмалы ентігуі бар адамдардың өзі өкпе ауруы кезінде денсаулығының нашарлап бара жатқанын бірден сезеді.

Маман өкпе зақымдануының алғашқы белгілеріне мән бермеу емделуді едәуір қиындататын ескертті.

Хабар 24 телеарнасы