427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 27 қыркүйек күні қоғамдық көлік жүрмейді

  • 178
  • UPD: 11:45, 25.09.2020
Елордада 27 қыркүйек күні қоғамдық көлік жүрмейді

Елордада 27 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Жексенбі, 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл дезинфекция жұмыстарын жүргізуге байланысты. Дүйсенбі, 28 қыркүйектен бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан линияға шығады», - делінген хабарламада.

Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.

Хабар 24 телеарнасы