428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әскери кафедраға түсушілер үшін медкомиссиядан өту мерзімі ұзартылды

  • 167
  • UPD: 15:18, 25.09.2020
Әскери кафедраға түсушілер үшін медкомиссиядан өту мерзімі ұзартылды

Әскери кафедраға түсушілер үшін медициналық комиссиядан өту мерзімі 10 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық жоғары оқу орындарында қазіргі таңда 35 әскери кафедра жұмыс істейді. Жыл сайын 6 мыңға жуық запастағы офицер кафедра бітіріп шығады.

«Қазіргі уақытта өңірлердегі студенттердің басым бөлігі медициналық куәландырудан өтті. Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап медициналық комиссиядан 1000-нан астам кандидат студент өткен болатын. Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына түсуге ниет білдірушілердің көптеп келуін ескере отырып, республика бойынша медициналық куәландырудан өту мерзімі 2020 жылғы 10 қазанға дейін ұзартылды», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Еске сала кетейік, Қорғаныс министрлігінің құзыретіне регламенттік рәсімдер кірмейді. Медициналық комиссиялардың орналасқан жері, олардың құрамы мен жұмыс кестесі жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалған. Әкімдіктердің шешімі бойынша медициналық тексеру күн сайын сағат 14-тен 18-ге дейін жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы