432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустан болатын өлім жағдайларының негізгі себебі анықталды

  • 294
  • UPD: 15:15, 25.09.2020
Коронавирустан болатын өлім жағдайларының негізгі себебі анықталды

АҚШ-тың Рокфеллер университетінің ғалымдары COVID-19-дан болатын өлім жағдайларының иммундық жүйе жұмысының бұзылуымен байланысты екенін анықтады.

Коронавирустың ауыр асқынулардың негізгі себептерінің бірі Science журналында жарияланған мақалада айтылған.

Ғалымдардың тұжырымдары бойынша зерттеуге алынған ауыр халдегі пациенттердің кем дегенде 3,5 процентінде вирусқа қарсы тұруға көмектесетін гендер мутациясы бар. Сонымен бірге, аурудың ауыр симптомы бар науқастардың 10 процентінде иммундық жүйеге шабуыл жасайтын «ауто-антиденелер» қалыптасқан. Сонымен қатар мұндай науқастардың басым көпшілігі ер адамдар (94 процент).

Сарапшылар вирусқа қарсы интерферондардың синтезіне қатысатын гендерден қателіктер анықтады. Бұл молекулалардың толық жиынтығынсыз ағза вирусты жеңе алмайды.

Хабар 24 телеарнасы