428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Ақмола облысының жәрмеңкесі жексенбі күні жалғасады

  • 206
  • UPD: 00:01, 27.09.2020

Елордада Ақмола облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Сенбі-жексенбідегі жәрмеңкеге аталған өңірдің 2 қаласы мен 17 ауданынан жүзден астам тауар өндіруші келді. 

Ақмола облысы елордалықтар үшін құны 196,8 миллион теңге болатын 435 тонна ауыл шаруашылығы өнімін әкелді. Бұдан бөлек мұнда азық-түлік тауарының 50 түрін нарықтан 10-15 процентке төмен бағамен сатып алуға болады.

Ғалымжан  Әбдіхалықов, Ақмола облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары:

- 75 тонна ет өнімі, 35 тонна сүт өнімі,150 тонна картоп, көкөніс, 3,5 тонна балық, 40 тоннадан артық ұн өнімдерін әкелінді. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін атақты шаруашылықтар келді. Нәтиже, Родина.

Жәрмеңкеге қатысатын ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге қойылатын басты шарт ол төмен баға. Мәселен, картоптың бағасы келісіне 80 теңгеден, сүт өнімі 200 теңге, ет 1800 теңгеден аспауы тиіс.

Оразалы Айтбаев, Успеноюрьев ауылдық округінің әкімі:

- Ақмола облысының Бурабай ауданынан келдік. Бурабай ауданы мал шаруашылығы жөнінен алдыңғы орында. Қара мал, сиыр еті, қой еті, жылқы еті. Келушілер келіп, міне қазір әлі ерте болғанымен барлық өнім өтіп кетті. Бүгін ертең 2 күнге келдік. Бағасы базардан өте төмен.

Жәрмеңкеде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар да сақталған. Әр павильонда антиспектик қойылып, тегін бетперде таратылуда. Сатушылар бетперде мен қолғаппен жұмыс істеп жатыр. Жәрмеңке жексенбіде жалғасын табады.

Авторлар: Наргиз Бекмағанбетова, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы