432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада қос оператор абоненттері үшін жолақыны SMS-пен төлеу тоқтатылады

  • 213
  • UPD: 21:54, 26.09.2020
Астанада қос оператор абоненттері үшін жолақыны SMS-пен төлеу тоқтатылады

Нұр-Сұлтан автобустарында SMS арқылы жолақы төлеу қызметі уақытша тоқтатылады.

Бұл жөнінде қалалық City Transportation Systems компаниясы Instagram-да хабарлады.

«Құрметті қоғамдық көлік пайдаланушылары! Tele2 және Altel ұялы байланыс операторлары тарапынан техникалық ақауларға байланысты қоғамдық көлікте жол жүру ақысын SMS арқылы төлеу 28 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылады. Жүйе қалпына келген жағдайда қосымша хабарлаймыз» деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жолақысын көлік картасымен және QR-код арқылы төлеуге болады. Бұл үшін мынадай мобильді қосымшалар бар: Kaspi.kz, Homebank, Senim, Рахмет, My Beeline, my Activ, OYBY, Plus24, SMSBUS және Astra Bus.

Хабар 24 телеарнасы